Шымкентте дүниеге келген үшемге қызықты есімдер қойылды

Oinet.kz 13-05-2022 6284

Шымкентте бес баланың анасы үшемді дүниеге әкелді. Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды. 

Screenshot_7.jpg

Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-ші аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Сәбилердің салмақтары 2000-2470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған. 

Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.

«AMANAT» - Түркістан: Мәжіліс депутаттары референдум бойынша насихат жұмыстарын бастады
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу