Жұлдыз Әбдікәрімова балаларды қалай тәрбиелеу керектігін айтты

Oinet.kz 13-05-2022 3737

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бала тәрбиесіне қатысты пікір білдірді. Ол балаларды еркін етіп өсіру керектігін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_25.jpg

Өкінішке қарай, көп жағдайда біз үшін «бала тәрбиесі» деген ұғым оларды тамақтандырып, киіндіріп, оқытумен шектелетіндей. Егер бұл ойымды жоққа шығарсаңыз, сіз үшін қуаныштымын! Демек, сізде тәрбиенің моделі бөлек, функциясы көп болғаны. Біз, аналар, болашақта ересек адамға айналар тұлғаның бастауыш өмірінің кірпішін қалауға жауапты жанбыз. Мойнымызға өзге бір адамның бойындағы қасиеттердің алғышарттарын дұрыс қалыптастыру деген жауапты қызмет жүктелді. Бүгін бала деп қабылдағанмен, ертең сіз бен біз сияқты үлкен адамның мінезін, ішкі күйін (өмірге өкпелі немесе бақытты адам) қалыптастырып береміз.

Айналамдағы жап-жас қыздардың өз әдемілігіне, өз қабілетіне сенімсіздікпен қарағанын көріп, осы ойды түйдім.

Балаға махаббат көптік етпейді.

Қызды құтқарған видеоны түсірген келіншек Сәбитке ренжіді
«Қазақ қызы хиджаб кимеген» - аудармашы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу