Қ.Тоқаев: Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын

Oinet.kz 11-06-2022 730

Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Әбдіғалиұлын Ұлытау облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Берік

Screenshot_9.jpg

"Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген президент қаулысында.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1989 жылы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті. Бөлім меңгерушісінің орынбасары міндетін атқарған және басшының орынбасары лауазымында болған. Сондай-ақ Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

1999-2000 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы (Астана) меңгерушісінің орынбасары болды. 2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды және осы жылы Премьер-Министр Кеңсесіне өтіп, бірінші вице-премьердің кеңесшісі болды.

2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

Осы тағайындауға дейін Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болды, ҚР Ұлттық мұрағатындағы "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығын басқарды.

Ал 2019 жылы қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалған. 

Қазақстанда бір аптада 17 бала көз жұмған: Оның төртеуі өз-өзіне қол жұмсады
Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу