Қазақстанда бір аптада 17 бала көз жұмған: Оның төртеуі өз-өзіне қол жұмсады

Oinet.kz 11-06-2022 675

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2022 жылғы 3 маусым мен 10 маусым аралығында балалармен болған төтенше жағдайлардың апталық статистикасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_8.jpg

Ведомствоның мәліметінше, бір апта ішінде елде балалардың қатысуымен 42 оқиға орын алып, осы оқиғаларда 17 бала қаза тапқан.

Адам өліміне әкелетін жазатайым оқиғалардың көпшілігі суда болған – жеті бала суға батып кетті.

Төрт бала өз-өзіне қол жұмсады (сонымен қатар екі өз-өзіне қол жұмсау әрекеті де тіркелді).

Жол-көлік оқиғасынан үш бала қаза тапты.

Ата-анасының қарауынан тыс қалған үш бала қайтыс болды.

Бұл ақпараттар жергілікті атқарушы органдардан және әлеуметтік желілерден алынды.

Балалардың басынан өткен оқиғалардың ішінде жоғарыда аталғандардан басқа кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, үйден кету және құқық бұзушылық фактілері де бар.

Ит тістеген баланың өліміне кім кінәлі? Жануарлар құқығын қорғаушы шенеуніктерді айыптады
Қ.Тоқаев: Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу