Еркекке тұрмысқа шыққан Амилайдың шын аты - Абылай екен

Oinet.kz 14-06-2022 6503

Screenshot_4.jpg

Мына "жігіттің"  аты жөні — Баймуратов Абылай. (Күні кеше Амилай есімімен танылған бұл жігіт ер азаматқа тұрмысқа шығып халықты шулатқан болатын - автор)

Әке-шешесі бұл туылғанда,  "қамшы ұстар"  келді деп қуанған шығар тойлатып. 

Шын аты Абылай,(Абылай деген аттан садаға кетсін!) кәзіргі аты Амилай деп, теледидар мен әлеуметтік желінің бетінен түспейтін, бұл Алланың жаратқан "пендесіне"  не дей аламыз?

Кім кінәлі?  

Бүкіл Елге тынып отырған ішінен ірітіп жатқан бағдарламалардың "гүлі" болып жүрді, "Қалаулым"-нан бастап,  ары қарай бүкіл сол бағдарламаның "үрім-бұтағы" бар,  Елге келген қасірет дер едім сол бағдарламаларды, міне сондай "жобалардан" шыққан "туынды"  деп айтсақ та болады осындай, "не ары емес, не бері еместерді" 

Ал сондай жиеркенішті "бағдарламаларды" да "қоректендіріп" отырған кім? Кешке дейін телміріп,  соны көріп отырған кім?  

Теріп келетін болсақ, сонау жоғарыдан төменге дейін, Үкімет, дін басқармасы, министліктер, ата-анасы т.б. тізіп келіп аяғы сіз бен бізге тіреледі, өйткені сол қоғамды құрайтын да, сіз бен біз! 

Егерде әр қайссымыз, сонау жылдардан бері, шама шарқымыз келгенше үлесімізді қосып отырсақ, мынандай сорақылыққа жетпес едік деп ойлаймын.

Бағила Балтабаеваның Facebook парақшасынан

«Шашын құйқасымен бірге жұлып алды»: Ақтөбелік ана ит талаған қызының киімдерін көрсетті
"Балалары шетелде оқитын шенеунік": Жаңа ғылым министрі - Саясат Нұрбек жайлы не белгілі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу