Жаңаөзен тұрғындары қайта көтеріліп жатыр

Oinet.kz 15-06-2022 720

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына қарапайым тұрғындар мен "БатысГеофизСервис" ЖШС-нің бұрынғы жұмысшылары ереуілге шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_2.jpg

Қала тұрғындарының айтуынша, халық жұмыссыздықтан зардап шегеді. Олардың айтуынша, жергілікті билік биыл қаңтар айынан бері қол қусырып отыр. Бұған дейін ереуілге шыққан "БатысГеофизСервис" ЖШС қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Шарасыздықтан олар отбасыларымен ереуілге шықты, құр алақан қалған.

Lada.kz басылымы мәліметінше, ереуілшілерге әкімшілік пен полиция өкілдері шыққан. Билік өкілдері аумақты босатуды талап етті. Шенеуніктер мәселені шешіп беруге қатысты ештеңе айтпаған.

“Оның қанша уақытқа созылатынын білмейміз. Біздің мәселемізді шешкенше соңына дейін  тұрамыз” –  дейді ереуілшілер.

Жергілікті әкімдік оқиға қатысты кейінірек түсіндірме беретінін хабарлаған.

Қызылордалық фельдшер жанып жатқан ұшақты жарылудан, жолаушыларды апаттан құтқарып қалды
"Мені алып кетеді": Нұр-Сұлтандық бойжеткен такси жүргізушілерінің үрейін ұшырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу