Халық қаңтар шындығын білмейді - Назарбаевтың оққағары мәлімдеме жасады

Oinet.kz 24-05-2023 395

Жақында қаңтар оқиғасына қатысты айыпталып, ұзақ жылға бас бостандығынан айырылған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған Әнуар Садықұлов түрмеден хат жазып, әділдік сұрады. Хаттың мәтінін Orda.kz порталы жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Айта кетейік, Әнуар  Садықұлов 1992 жылдан 2014 жылға дейін сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күзет қызметінде істеген. Осы салада қарапайым қызметкерден Президенттің қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымына дейін өскен. Ол осы жылдары Назарбаевтың сапарларында оның қасында жүретін. Жұрт оны Елбасының оққағары ретінде таныды. 2014 жылы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы лауазымына ауысты, кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кетті.  2017 жылы Садықұлов Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генералы атағын алған. 2019 жылы ол аталған комитет төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Астанадағы қылмыстық соттың үкімімен Әнуар Садықұлов 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Комитеттің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұлов  мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға оқталды және билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстық іс «аса құпия» белгісімен жүргізілді. Осы уақытқа дейін Садықұловтың не бүлдіргенін қарапайым халық түгілі оның отбасы мүшелері де толық білмейді. Хатты Садықұлов өз қолымен жазып, адвокаттары арқылы беріп жіберген.  

- Мені 16 жылға бас бостандығынан айырған сот үкімін әділетсіз деп есептеймін. Сот үкімімен мүлдем келіспеймін, себебі мен бұл қылмыстарды жасағаным жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жалған жарияланымдарға байланысты көпшілікке мәлімдеме жасаймын. Отанымды сатқаным жоқ, билікті басып алғаным жоқ. Өмір бойы отаным - Қазақстан Респубикасына  адал қызмет еттім, - деген экс-генерал әділетсіздік пен заңсыздықтың құрбаны болғанын алға тартады.  

- Президент пен халықтың барлық шындықты білетініне сенемін және үміттенемін, - деген ол хат соңында туыстарына, достарына, қызметтестеріне және өзіне сенетін, моральдық қолдау көрсенткен қарапайым азаматтарға алғыс айтқан.  Яғни, Назарбавтың бұрынғы оққағарының сөзіне сенсек, Тоқаев пен қарапайым халық қаңтар оқиғасына қатысты шындықты білмейді. Бірақ Садықұлов өзіне қатысты қылмыстық іс бойынша ешқандай мән-жайды жазбаған. Неге? Ол қылмыстық іс бойынша  ешқандай мән-жайды жарияламау, құпияны ашпау жөнінде бер- ген қолхатпен байланысты шығар, бәлкім. Ал бұл құпия түптің түбінде ашылады ма? 

Яғни, Назарбаевтың бұрынғы оққағарының сөзіне сенсек, Тоқаев пен қарапайым халық қаңтар оқиғасына қатысты шындықты білмейді. Бірақ Садықұлов өзіне қатысты қылмыстық іс бойынша ешқандай мән-жайды жазбаған. Неге? Ол қылмыстық іс бойынша ешқандай мән-жайды жарияламау, құпияны ашпау жөнінде берген қолхатпен байланысты шғар, бәлкім.

Ал бұл құпия түптің түбінде ашылады ма?

Қазақ бидай егеді пайдасын өзбек көреді
Білім басқармаларында аудит жүргізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу