Қазақ бидай егеді пайдасын өзбек көреді

Oinet.kz 24-05-2023 493

Қазақстанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешенінің экспорты жалпы көлемдегі өңделген тауарлардың үлесінде небәрі 37 пайызды құраған. Бұл ретте, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің қаржылық импорты 2021 жылмен салыстырғанда 24 пайызға өскен.

Screenshot_5.jpg

Бір топ сенаторлардың премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында осылай дейді.

Елдегі көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шикізатты экспортқа бағыттап, ел ішінде өңдеуді дамытуға мүдделі емес.

Осылайша, астық өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі небәрі 33%-ды құрап отыр. Оның үстіне, Қазақстан астық өңдеушілер одағының мәліметі бойынша бүгінде елімізде әрбір төртінші диірмен кәсіпорны ғана жұмыс істеп тұр (барлығы-250, жұмыс істейтіні-70).

Мұндай қиын жағдай өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының өсуінің аясында да қалыптасып отыр. Ол 2021 жылмен салыстырғанда 14%-ға жоғарылаған.

Елде нақты талдаудың, тиісті қолдау шараларының және қауіптердің алдын-ала болжамының болмауынан Қазақстанның көршілес елдерге, атап айтқанда, Өзбекстанның өңдеу өнеркәсібінің дамуына үлес қосуына алып келді. 

Бүгінде, астық экспортының жартысына жуығын құрайтын Өзбекстан Қазақстанның ұн тарту-жарма өнеркәсібі саласын жүйелі түрде дамытып келеді. 2010 жылдан бастап Өзбекстан біздің бидайды өңдей отырып,  ұн экспортын 56 есеге арттырса, Қазақстанда бұл көрсеткіш, керісінше 36%-ға  төмендеген.

Қалыптасқан үрдіске сәйкес Қазақстанның жылдар бойы сату нарықтарын жоғалтуына алып келсе, Өзбекстан өз кезегінде, 2021 жылы ұн экспорты бойынша әлемде 3-ші орынға көтерілді.

Қазақстанның астық өңдеушілер одағының мәліметіне сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы 5 жыл ішінде елімізде астық өңдеуді қолдау мен дамытудың Жол картасын келісе алмауда. Осыған ұқсас жағдай ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлерін өңдеу мен өндіруде де қалыптасуда. Сонымен қатар, бүгінде ел нарығы импорттық азық-түлік тағамдармен лық толы, бұл тағамдар Қазақстанда да өндірілуде. Бұл ретте, отандық өндірістің төмендеуіне байланысты импорттың басымдығы артып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша 2021 жылмен салыстырғанда сүттен дайындалатын өнімдер, сүт, ет консервілері, ірімшік және сүзбе, сары май өндірісі 4% дан 9%-ға дейін төмендеген.

Осы фактілерді алға тартқан сенаторлар Үкіметтен шұғыл шаралар қабылдауды сұранып отыр. Біріншіден,  мемлекет басшысының ішкі нарықты азық-түлікпен толық қамту жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қайта қарау қажет. Ең алдымен, АӨК көлемі мен өңдеуді ұлғайту басты назарда болуы керек.

Сондай-ақ, субсидиялау тетіктерін қайта қарау өте маңызды. Талдау көрсеткендей, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы ұйымдасқан шаруашылықтарға тәуелді, ал жеке қосалқы шаруашылықтарды тиісті қолдаулармен қамту қарастырылмаған.

Екіншіден, Қазақстанды тауарлар импортының өсуінен қорғау шараларын жаңарту және күшейту. Сонымен қатар, отандық өнімді экспорттау кезінде басқа елдерден келетін көптеген кедергілерге жауап ретінде «айна» тәрізді ашық шараларды қолдану.

Үшіншіден, Қазақстанда астық өңдеуді қолдау және дамыту Жол картасын әкімшілік және тасымалдау кедергілерін, «көлеңкелі» импортпен күресу шараларының тетіктерін қамти отырып, жаңарту және бекіту қажет. 

Аюповтың ісі сотқа өтті, ал Әбдірахымовты әшкерелеуге құзырлы органдар құлықсыз
Халық қаңтар шындығын білмейді - Назарбаевтың оққағары мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу