Оқушылардың жазғы демалысы қысқарады - Оқу-ағарту министрлігі

Oinet.kz 21-07-2022

Оқу жылын ұзарту іс жүзінде жазғы демалыстың мерзіміне әсер етпейді – оқушылар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігі.

Screenshot_3.jpg

Ведомство осыған дейін мамандар оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту және оқу жылын 20 тамыздан бастау мәселесін қарауды сұрап, министрлікке бірнеше рет жүгінгенін атап өтті.

Министрлік  ғалымдар, психологтар, ата-аналар мен педагогтерден құралған жұмыс тобын құрған.

"Оқу жылын ұзартуды қолдаушылар 4-тоқсанды 20-25 маусымға дейін созуды және оқуды 20 тамыздан бастауды ұсынып отыр. Мамандар бірнеше жылдан бері дабыл қағып, оқушыларымыздың жазғы уақыттарын компьютер мен смартфондарда ойын ойнаумен өткізіп жатқанда, олардың қатарластары білім алып, оқып жатқанын айтып келеді. Олар бұған дейін де өз дәлелдерін келтірген болатын. Біз ғалымдар, психологтар, ата-аналар мен педагогтерден құралған жұмыс тобын құрдық. Халықаралық тәжірибе де зерделенді", - дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Кәрімованың сөзінше, жұмыс тобы мамандардың ұсыныстарын қолдамай, баламалы ұсыныс енгізген, яғни оқу жылының басталу мерзімін өзгертпей, оны бұрынғыдай 1 қыркүйекте қалдыру, ал оқу жылының аяқталу мерзімін 31 мамырға белгілеу.

"Осылайша, каникулға шығудың айырмашылығы небәрі 5 күн болады. Ал жаз басталғанда, яғни 1 маусымнан бастап балалар демалысқа шыға алады. Осылайша, жаз бойы, яғни 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында балалар каникулда болады. Бұл орайда біз сапаны тек оқу күндері арқылы ғана емес, жалпы оқу жүктемесін азайту, оқу бағдарламаларын жетілдіру, мамандардың біліктілігін арттыру және т.б. жолдар арқылы жақсартамыз. Сондай-ақ, жаңа оқу жылынан бастап мектептерде апталық оқу жүктемесін азайту жоспарланып отыр. Одан бөлек, оқу жылының ұзақтығын созу оқушыларға қосымша білімге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді, өйткені сабақ аз болады, мектептердің кабинет қорына түсетін жүктеме де азаяды", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Қазақстанда жазғы демалыс басқа елдермен салыстырғанда ең ұзақ уақытқа созылатыны атап өтілген. Мәселен, Германия, Англия және Жапонияда жазғы демалыс 7 апта, Польша, Қытай және Оңтүстік Кореяда 7-9 апта, Финляндия, Венгрия, Швецияда 9-11 апта, Латвия, Италия және Португалияда 11 апта, Қазақстанда - 14 аптаға созылады.

85 жастағы зейнеткер ауылдасының үйін өртеп жіберді деген күдікке ілінді
«Аң деп адам атып өлтірді»: СҚО-да орын алған жантүршігерлік оқиғаның ақ-қарасы ашылмай отыр


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×