Түркістан облысында деструктивті-діни ағым жақтаушысынан сора есірткісі тәркіленді

Oinet.kz 29-07-2022 497

Screenshot_8.jpg

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, есірткі заттарын сатады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде тіркелген Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, оның үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткі затына ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақты зат ретінде алынған түптер құрамында есірткісі бар «сора»  болып шықты. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тұрғынның ауласынан 300 келіден астам сора есірткісі мен 1 келіге жуық көкнәр тәркіленді
Белгісіз жәндік шағып алған 9 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу