Белгісіз жәндік шағып алған 9 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Oinet.kz 29-07-2022 2021

Оралда белгісіз жәндік шағып алған 9 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.. 

Screenshot_13.jpg

Туыстарының сөзіне қарағанда, оқиға 27 шілде күні қалаға қарасты Серебряков кентінде болды. Ойнап отырған кезде баланы белінен шаққан. Бала шошып кетіп, қолымен қаққанда, жәндік ойыншық тәрелкеге ұшып түскен. «Бүйі шақты» деп ойлаған бала ойнап кеткенімен, кейін ішін ұстап, жылап, аяғы ұйып, баса алмай қалған. Қайта ана жәндікті ұстап, банкаға салып қойған. Суретін салыстырғанда, қарақұртқа келіңкірейді.

«Ұлым облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Беті бері қарады. Бірақ қайта-қайта қызуы көтеріле береді. Дәрігерлер тұруға, жүруге болмайды дейді. Жәндікті ауруханаға апардық не екенін анықтау үшін», - деді баланың әкесі Болат Өтешев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жансақтау бөлімінде жатқанын растады. Жағдайы жақсарып келеді. «Аурухана дәрігерлері қандай жәндік екенін еш жерде анықтамайды деп отыр», - деп хабарлады ведомстводан. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі де аталған жәндікті анықтамайтынын жеткізді.

Түркістан облысында деструктивті-діни ағым жақтаушысынан сора есірткісі тәркіленді
Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестерін қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу