«Бүкіл күшімді министрліктің дамуына жұмсап жүрмін»: Саясат Нұрбек баласы жайлы сұраққа нүкте қойды

Oinet.kz 23-09-2022 827

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрде оқып жатқан балаларының елге қайтқан-қайтпағаны туралы сұраққа жауап берді,  деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Айта кетсек, министр бұған дейін Кипрда оқитын балаларын 26 маусымда Қазақстандағы мектепке қайтаратынын мәлімдеген. Тіпті журналистерге фотомен есеп беруге де уәде берген еді. Ал 13 қыркүйекте үкімет кулуарында журналистер осы жөнінде сұрағанда Саясат Нұрбек жеке мәселесіне араласпауын айтып, сұраққа жауап бергісі келмеді. 

Бүгін орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте журналистер министрдің бұл әрекетінің себебін сұрады. 

“Бұл сұрақтың жауабына осы жерден нүкте қояйық. Мен уәде еткендей, балаларымды жазда Кипрден қайтарған болатынмын. Олар төрт жыл бойы шетелде, яғни Солтүстік Кипрдегі британдық жекеменшік мектепте оқыды. Тексеріп көрсеңіздер болады. Ол жерде білім өте сапалы. Сондай-ақ біздің елдегі жекеменшік мектептерге қарағанда оқу ақысы төмен.

Елге келгеннен кейін балаларыммен отырып сөйлестім. Олар қазір есейіп қалды, өздігімен шешім қабылдай алады. Шетелдік мектептер сол жағынан жақсы, өздігімен шешім қабылдауға, критикалық ойлауға үйретеді. Олар өз шешімін жасады. Оқуды Кипрде жалғастыруды жөн көрді. Балаларымның таңдауы мен құқығын құрметтеп, олардың шешімімен келістім. Қазір бүкіл күшімді министрліктің дамуына жұмсап жүрмін", – деді министр.

Шымкентте пробациялық бақылауда тұрған азаматтардың саны азайған
Аманидің өлімі - Иранда көтерілісшілер жаппай тәртіпсіздіктер жасауға көшті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу