Әйелімен бірге 2 айлық сәбиін ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Oinet.kz 02-02-2023 612

Астанада бұған дейін әйеліне тұрмыстық қысым көрсетіп, екі айлық қызын ұрып-соққан азамат 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Үкім қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.

Ер адам 2022 жылы 2 шілдеде мас күйінде бүлдіршінге қол көтерген. Бұған дейін ол әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірақ сотта әйелдің өзі күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Дегенмен судья үкімді күшінде қалдырды.

"Ол өз әрекетімен екі айлық баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Қазір сәбиге ерекше күтім қажет. Ол ұзақ уақыт бойы медицина мамандарының көмегінсіз қиналған", - деді Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аудандық соты.

Сондай-ақ, сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді.

Микрокредиты: кому нужны и как выбрать МФО?
Германияның Франкфурт қаласында Шымкенттік түлек Бас консулдықта өткен кездесуге қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу