Тәуелсіз бақылаушылар жұмыс істейді

Oinet.kz 22-02-2023 290

Screenshot_7.jpg

Баршаңызға мәлім, республика көлемінде “BAQYLA” тәуелсіз бақылаушылар қозғалысы құрылды. Алғаш жиынын Алматы қаласында өткізіп, баспасөз-мәслихатын да берді.

“Әділдікті” жаны сүйетіндер үшін бұл нағыз қоғамдық жұмыс. Саяси институт, саяси мектеп десек те болады.

Алғаш қадамын ҚР Президенті сайлауында бастап, жиған тәжірибесін осы саяси науқанда, яғни ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда жалғастырмақ.

Шымкент қаласында қазіргі таңда 250-ден аса бақылаушы болам дегендер осы ұйымға топтасты.

Топ мүшелерімен тұрақты кездесу өткізіліп, пікір алмасып, сабақтар жүргізіледі, яғни сайлау барысы түсіндіріліп, атқарылатын функционалды міндеттер тізбектеледі. 

Сайлаудағы ең негізгі жұмыстарды атқаратын бақылаушылар екені баршамызға мәлім! ҚР азаматы ретінде саяси науқанда бей-жай қалмай, “Жаңа Қазақстанда” әділетті күресті жүргізе білуіміз қажет! “BAQYLA” қоғамдық қозғалысы барша ниеттестерге есігі ашық.

Сайлауда өз белсенділігімізді көрсетейік!

Қалалық Антикор кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақырады
Медтуризм в Испанию: почему тысячи пациентов едут сюда на лечение?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу