Оразада дүниеге келген түркістандық үшемге ерекше есімдер қойылды
Түркістан облысының № 1 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Атап айтқанда, ана бір ұл, екі қыз босанды.
Жаңа туған нәрестелерге Марғұлан, Сафия, Самин есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2260 гр, 1570 гр және 995 гр болды. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.
Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты. Үшем дүниеге келген отбасының екі ұлы бар. Көпбалалы ана сұлулық салонында жұмыс істейді. Үшемнің әкесі – электрик-монтажшы. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.