Түркістан облысында әрбір жас маманға 1,5 млн. теңге төленеді

Screenshot_9.jpg

Түркістан облысында ауылдық жерге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында биылғы жылы қабылданған әрбір жас маманға 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың ) теңге төленеді. 

Қазіргі таңда 57 маманға жолдама беріліп, әлеуметтік төлемдер төленді.

Сонымен қатар медициналық жоғарғы оқу орнын бітіріп, ауылдық жерлерге жұмысқа тұратын жас мамандарға аудандық әкімдік тарапынан баспана алуға бюджеттік несие беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, ауылдық елді мекендерге жолданған жас мамандарға бір реттік (100 АЕК) көтерме жәрдем ақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілуде. Тұрғын үй сатып алу бойынша 2017-2018жж. 28 жас отбасы, ал 2019 жылдың 6 айында 26 жас отбасы бюджеттік кредит алды.Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың 2019 жылдың 5 сәуірінде «Түркістан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» №37/391-VI шешімі қабылданып, ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне 1,5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Screenshot_10.jpg

Ауылдық елді мекендерге жұмысқа жолданған жас медицина мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында жүзеге асырылады.

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыста мамандар тапшылығын төмендету мақсатында облыстық мәслихаттың «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» 2017 жылғы 27 маусымдағы шешіміне сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап шалғай ауылдар мен елді-мекендерде жұмысқа орналасқан денсаулық саласындағы әр маманға бір реттік 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде 89 жас маманға (жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, терапевт, педиатр, кардиолог, акушер-гинеколог) жолдама беріліп, әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер дарбаза қақпасы арқылы кіре алады
  • Балабақша тәрбиешілерінің жалақылары көбейе ме? Тоқаев жауап берді
  • Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейтуді тапсырды
  • Мәдениет және спорт вице-министрі Арыс қаласына келді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұжымымен кездесті