Осындай «малдарды» жақтайтын адамдар бар қоғамда - Айсәуле Бақытбек

Oinet.kz 13-07-2023 4871

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек күні кеше бала ұстаған ер адамға жұдырық ала жүгіріп, басы дауға қалған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_28.jpg

Айсәуле Бақытбек боксшының тиісті жазасын алудың орнына, бостандықта тайраңдап жүргенін айтып, құзырлы органдарға наразылығын жеткізді.

“Мынау сұмдық қой! Біздің елде өз ісіне салғырттық танытатын құзырлы органдар жұмыс істейді. Тіпті еліміздің бокс федерациясы кәсіби боксшының мұндай әрекетіне ешқандай пікір білдірмейді. Сол себепті Қазақстанда тұру қорқынышты. Оның жұдырығы – суық қару. Балаға психологиялық тұрғыдан қаншалықты ауыр тигенін елестету мүмкін емес”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Блогер жәбірленушінің сырқат баласы жайлы айтып отырып көзіне жас алды.

“Бейнежазба астындағы пікірлерді оқып отырып Бейбіттің бұл әрекетін ақтап жатқан адамдардан шошыдым. Төбелес балалар арасындағы жанжалдан басталған. Жәбірленушінің баласы аутизммен ауыратыны белгілі болды. Ойлап көріңізші, біздің елде ерекше балалардың ата-анасына онсыз да қиын. Себебі аутизммен ауыратын балаларға ешқандай жағдай жасалмаған. Ойын-сауық орталығына барса ол бала қайда ойнауы керек? Онымен қоймай кез келген адам осылай тап береді. Бейбіт болған жағдай үшін кешірім сұраудың орнына, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ақталып отыр. Осындай "малдарды" жақтайтын адамдар бар қоғамда баланы қалай өсіріп, тәрбиелеуге болады”, – дейді көз жасына ерік берген Айсәуле Бақытбек.

Screenshot_29.jpg

Каспий теңізі тартылып барады: Ғарыштан түсірілген фотода теңіз түбі көрінді (фото)
Алматыда 7 жасар қызды өлтірген өгей шеше белгілі қоғам белсендісі болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу