Шатқалда есімі мәңгілікке қалды

Oinet.kz 27-07-2019 1132

Screenshot_6.jpg

«Журналист – должен быть добросовестным, пока не увижу не пишу!» дегенді жастарға айтып жүретін, қаншама жыл журналистикамен қатар өлкентану, тарих, саяхатты  қатар насихаттайтын Кеңесбай Ысмайлов арамызда болса кешегі 25 шілде туған күнінде  54 жасқа толар еді. 

Кеңес аға Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағындағы жоғарғы және төменгі көлдерге жиі саяхаттайтын. Інілерінің айтуынша, төменгі көлге соңғы сапарларының бірінде өзі жайлы да ескертіш тақта Қырғилы шатқалындағы қайтыс болған альпинистерге аналған ескертіш мемориалында тұрғанын қалайтынын айтыпты. Жарты жылдан кейін бақилық болады. 27 шілде күні ол кісінің осы тілегін орындау үшін Тарас Моисеев, Шамиль Рафиков бастаған достары  аталған шатқалға ескерткіш тақта орнатты. Ағайын-туыстары тау баурайында дастархан жайып, марқұмның  рухына құран бағыштады.  Ағаның туған күнінің құрметіне ұзындығы 18 шақырым, биіктігі 600 метр болатын төменгі көлге бауырлары мен сыйлас таныстары, жастар саяхаттап қайту үшін «Өрнек» клубының жігіттері мен бірқатар қаламдас інілері демеушілік жасады. 

Screenshot_7.jpg

Screenshot_5.jpg

Өткен жылы Кеңесбай Исмаиловтың күнгейдегі туристік орындар жайлы «Шпаргалка для гида» атты кітабы шыққан.  Жалпы, журналистің артында ел айта жүрер істері жетерлік. 2016 жылдан бері өлкетанушы досы Алексей Гончаров екеуінің идеясымен 19-21 наурыз аралығының бір күнінде  Қошқар ата өзенінің жағасында жылда «Қошқар ата сейілі» фестивалі ұйымдастырылады. Оған қоса «Я сердце оставил в горах», атты Арыс өзенінің жағасында өткізілтін облыстық бард әндер фестивальі  де Кеңесбай Серікбайұлының  ұйытқы болуымен өтетін. 

Артында жанашырлары тұрғанда жақсы істері жалғасады деп сенеміз. 

Динар БОРАНБЕКҚЫЗЫ

Сайрамсу шатқалында экологиялық сенбілік өтті
Мәдениет және спорт министрі Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу