20-қабаттағы терезеде ілініп тұрған: Астанада күзетші баланы құтқарып қалды

Oinet.kz 21-09-2023 440

Әлеуметтік желілерде "Highvill Astana" тұрғын үй кешенінің терезе жақтауында ілініп тұрған баланы күзетші құтқарып қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

19 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында "Ramad" ЖШС пультіне – аға кезекші Төреқұлов Нарұл Батырқұлұлына аталған үйдің С блогында 20-қабаттағы терезеде бала ілініп тұрған туралы ақпарат түскен.

Күзетші дереу жоғарыға көтеріліп, пәтерге енген. Баланы терезе жақтауынан тартып алып, ішке кіргізген. Солай, оның өмірін сақтап қалды.

"Баланың 10 жасар қыз екені белгілі болды. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы, ата-анасына тапсырылды", - делінген хабарламада.

«Көктемде бір рет кетіп қалды»: Батыс Қазақстан облысында ер адам жоғалып кетті
«Бұл сіз едіңіз»: Алматыда әйелдің басын кесіп тастады деп айыпталған күдіктіні куәгерлер таныды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу