Күзетші алтыншы сынып оқушысын зорламақ болған: Мектеп директоры қызметінен босатылды

Oinet.kz 02-11-2023 1025

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматыдағы №160 мектептің күзетшісі алтыншы сынып оқушысын зорламақ болған оқиғадан соң, мектеп директоры жұмыстан шығарылғанын айтты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілі Ғани Бейсембаевтан мектеп әкімшілігінің неге жазаланбағаны және күзетшінің небәрі 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы ата-аналардың наразылығына қатысты түсініктеме беруін сұрады. 

"Аталған білім беру ұйымының басшысы қызметінен босатылды. Білім бөлімі тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Мұндай фактілерді көрген сайын балалардың құқықтарын қорғау комитеті дереу шығып, тергеуге қатысады және барлық іс-шаралар комитеттің тұрақты бақылауында болады. Сондықтан мұнда белгілі бір жұмыс жүргізілуде. Тек осы мектепте ғана емес. Әр жағдай бойынша жедел түрде тиісті кеңестер өткізіледі", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы мектептерінің бірінде күзетшінің алтыншы сынып оқитын қызға тиіскені туралы айтылған бейнежазба пайда болғаны туралы жазған едік.

Қостанай облысында тағы бір отбасы уланып көз жұмды
Газа секторында қаза тапқан балалар саны әлемде көз жұмған балалар санынан көп пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу