«Жездесі болып шықты»: Жетісу облысында оқушысын зорлаған мұғалім іздестіріліп жатыр

Oinet.kz 09-11-2023 2256

Жетісу облысы, Сарқанд ауданында математика пәнінің мұғалімі өз шәкіртін зорлады деген күдікке ілініп, екінші күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Одан бөлек, ол зорланған 14 жастағы ұлдың жездесі болып шықты.

Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Бөлмелердің бірінен көмек сұраған шудың дауысы естілгендіктен администратор келген. Ол баланы босатып, полиция шақырғанымен қылмыскер қашып үлгерген.

Қазір Сарқанд құқық қорғаушылар оны іздестіруде. Полицейлер Сарқанд қаласына алыс емес таудан оның көлігін тапты. Іздеу жалғасуда.

Қалалық полиция қандай да бір ақпарат алған жағдайда дереу Жетісу облысының Сарқанд АІІБ-нің кезекші бөліміне мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұрайды: 8 (72839) 2-15-30, 87719787614.

«Қолы күйіп, ісініп кеткен»: Астана дәрігерлері 2 айлық балаға зақым келтіріп, анасын қысымға алған
Asus Radeon RX 7800 XT: производительная видеокарта с функциональным чипсетом
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу