Зеленский: Мәскеуден нақты жауап күтеміз
23-04-2025
Домбыра күнінде пойыздағы жолаушыларды құттықтаған жас таланттар жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, талантты жас домбырашылар Екібастұз - Алматы бағытындағы №31 пойызының жолаушыларын өнерімен таңғалдырған.
Балалар Екібастұз қаласындағы "Тұмар" ансамблінің мүшелері, мереке күндері олар Алматы қаласына музыкалық конкурсқа қатысу үшін бет алған.
"Домбыра күнімен тұспа-тұс келген сапарда жас таланттар қазақстандықтарды қазақ мәдениетінің және ұлттық бірегейліктің ең маңызды символының мерекесімен құттықтауды шешті", - деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.