Ер адам әйелін жазалау үшін үш айлық ұлын шелектегі суға тұншықтырып өлтірген

Oinet.kz 08-07-2025 499

АҚШ-та ер адам үш айлық ұлын кір жуатын ұнтақ салынған шелекке тұншықтырып өлтірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Ол бұл сұмдық әрекетті әйелімен жанжалдан кейін жасаған.

Оқиға 2024 жылдың 10 тамызында Индиана штатының Лафайетт қаласында болған. Әйел тұрмыстық зорлықтан кейін дәрігерлерге жүгінген. Ал дәрігерлер полиция шақырған. Ол 29 жастағы күйеуі өзін темір таяқ пен кілтпен ұрғанын, бірақ одан бұрын үш айлық баласының жоғалғаны қатты алаңдататынын айтқан.

Үйді тінту кезінде нәресте табылмаған. Күйеуі баланың жоғалуына қатысы жоқ екенін айтып, тек әйеліне шабуыл жасағанын мойындаған. Алайда келесі күні қайта тексеру кезінде ас үйден кір жуғыш ұнтақ пен су толы шелек табылып, ішінен сәбидің денесі шыққан. Сараптама баланың тұншығып өлгенін көрсетті.

Типпекано округі прокурорының орынбасары Элис Мэдиганның айтуынша, ер адам кейін баласын өлтіргенін мойындап, себебін де түсіндірген.

"Ол өз әйелі мен барлық әйелдерге осылай сабақ бергісі келген. Әйелдер ер адамдарды сыйлау керек дегенді дәлелдемек болды", — деді прокурор.

Қылмыскер баласын өлтіргені және әйелін өлтіруге талпынғаны үшін 92 жылға бас бостандығынан айырылды.


«Тас лақтырып, суға итерген»: Ертіс жағасында балық аулап отырған баланы жасөспірімдер ұрып кеткен
«Мен құбыжық емеспін»: 6 және 9 жастағы ата-анасының қарауынсыз өскен «елес балалар» табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу