Қарағанды облысында 500-ден астам жазасын өтеушіге рақымшылық заңы қолданылуы мүмкін

Oinet.kz 29-07-2025 45

Қарағанды облысында рақымшылық аясында қазірге дейін 12 адам бостандыққа шықты, тағы 40 сотталушының жазасы қысқартылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң шеңберінде Қарағанды облысында бүгінгі күнге дейін 530 сотталған адам рақымшылыққа ілінді. Олардың 115-і толықтай бостандыққа шығатындар қатарына енсе, тағы 415 адамның жазасы қысқартылды. 

Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, рақымшылық жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылады. Әрбір қылмыстық іс соттарда жеке қаралып, құқықбұзушылықтың сипаты, сотталғанның мінез-құлқы мен түзелу деңгейі егжей-тегжейлі зерттеледі.

Қазіргі таңда облыс соттарында 52 сотталған адамға қатысты материал қаралған. Соның нәтижесінде 12 адам толық бостандыққа шығарылса, 40 жазасын өтеушінің жазасы қысқартылды. Қысқартылған мерзімнің аяқталуына байланысты олардың бір бөлігі толық босатылған. 

Ауыр және аса ауыр қылмыстарға, сыбайлас жемқорлыққа және қайталанған құқықбұзушылықтарға барған тұлғаларға бұл заң қолданылмайды. 

Қарағанды облысында заңды іске асыру жұмыстары әлі де жалғасуда: қалған сотталушыларға қатысты материалдар сот қарауына дайындалып жатыр. Рақымшылықтың соңғы нәтижелері барлық сот процесі аяқталған соң жария етіледі. 

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң аясында 18 адамның түрмеден босап шыққаны жайлы хабарлаған болатынбыз. 

«Хутор» бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың ісі прокуратураға түсті
Түркістан облысында бұрынғы мектеп директоры сотталды/
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу