Прокурор Айзат Жұманованың күйеуін 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

Oinet.kz 08-01-2026 173

Сотта прокурор мас күйде әйелі Айзат Жұманованы қасақана өлтіргені үшін күйеуі Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 22 маусымында Талдықорғанда болды. Ақсу ауданының Баласаз ауылында туған 33 жастағы ер адам мас күйде үйдің алдында Айзатқа күш қолдана бастаған. Ол әйелдің денесі мен басын қолымен ұрып, аяғымен тепкен. Тіпті әйел оны тоқтатуды сұрағанда да әрекетін жалғастырған. Ауыр ішкі жарақаттар салдарынан Айзат көз жұмды. 

Сот барысында Айбар Жанболаттың кінәсі толық дәлелденді. Прокуратура іс материалы ретінде куәгерлердің айғақтарын және сарапшылардың қорытындыларын ұсынды. Куәгер Чеботарева Айбар әйелін бірнеше сағат бойы ұрғанын, оның айқайы мен көмек сұрауына қарамастан тоқтамағанын хабарлаған. Прокурор дәрігерлер мен сот-медициналық сарапшылардың көрсеткенін оқып берді. Олар Айзатқа жасалған жарақаттардың ауқымын сипаттаған. Жарақаттар өмірмен үйлеспейтін деңгейде болған. Сонымен қатар, ер адамның Айзатты ауладан шығарып, сол жерде де ұруын растайтын мәліметтер болды.

Айбар Жанболат қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлімі –  кісі өлтіру бойынша айыпталуда. Прокуратура оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрап отыр.

"Айбар Жанболатты қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды және оны орта қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кестіруді сұраймын. Қылмыстық кодекстің 68-бабының 3-бөліміне сәйкес, 2025 жылғы 22 маусымнан бастап сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған уақытты бір күн қамауда болу үшін бір жарым күн жазамен есептеуді сұраймын. Қамауда ұстау түріндегі бұл шараны өзгертпей қалдыруды сұраймын", – деді прокурор Нұрлан Билібеков.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған. 27 қарашада сотта прокурор Айзат Жұманованың өлімінің хронологиясын жариялаған еді. 

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апаты: Үндістаннан келген студенттер қаза тапты
«Өлтіргім келген жоқ»: Қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі сотта соңғы сөзін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу