«Өлтіргім келген жоқ»: Қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі сотта соңғы сөзін айтты

Oinet.kz 08-01-2026 346

32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша сотта айыпталушы, марқұмның жұбайы Айбар Жанболат соңғы сөзін сөйледі. Ол өз кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, кешірім сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Айзаттың күйеуі әйелін өлтіргісі келмегенін айтты. 

"Баршаңыздан кешірім сұрағым келеді. Жасаған ісімді мойындаймын, оны өлтіргім келген жоқ. Бұл абайсызда болды. Шайтанның азғыруына ергенімді мойындаймын. Кешірім сұраудан басқа айтарым жоқ. Үкімге де, жазаға да дайынмын, кінәмді түсінемін. Алла Тағала бұл ісім үшін мені кешірсін", – деді Жанболат сотта.

Прокуратура Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Алайда қаза тапқан Айзаттың анасы Салтанат Джұманова өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етіп отыр.

Прокурор Айзат Жұманованың күйеуін 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
"Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембин өмірден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу