Казиноны жарнамалаған Қайсар Қамзаның мал-мүлкі бұғатталды

Oinet.kz 14-01-2026 48

Блогер Қайсар Қамзаға неге іздеу жарияланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Қаржылық мониторинг агенттігі 1995 жылы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялаған. Сот оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

"Күдікті 5 жыл бойы Instagram желісінде qais_arr атауымен (2,4 млн оқырман) белсенді блогерлік қызмет жүргізген. Сондай-ақ, Telegram-да "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған. Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларын пайдаланып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Pinco сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді, видеолар мен жазбаларды жүйелі түрде жариялаған. Сонымен қатар, бейнероликтерде пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен", - деп жазылған хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ол азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақы, бонус немесе пайыз түрінде табыс алып отырған.

"Заңсыз жолмен келген кірісті жасыру мақсатында күдікті криптоәмиян пайдаланған. Оған Pinco интернет казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған. Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада. 

Хаменеи Мәскеуге қашып кетуі мүмкін
Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу