Депутаттар 5 жылға сайланады, Ассамблеяның орнына Халық кеңесі құрылады

Oinet.kz 20-01-2026 46

Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттегі өзгерістер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz.

2025_01_27_image (1).jpeg

Ассамблеяның орнына Қазақстанның халық кеңесі құрылатын болды. Оның құрамында 126 адам болады.

Қазақстанның халық кеңесі елдің жоғары консультациялық органы мәртебесіне ие болады.

«Квота – барлық этникалық және қоғамдық топтардың мүддесін ескеретін әлеуметтік әділеттіліктің айқын көрінісі. Сондықтан бұл квоталарды алдағы уақытта да сақтауды ұсынамын», – деді Тоқаев.

Жаңа Парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы мүмкін, ал комитет саны сегізден аспайды.Жаңа Парламентте депутаттар 5 жылға сайланады.

Жоспар жасап, стратегия құруды құптамаймын - Тоқаев
Ерлан Қарин вице-президент болуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу