Мәдениет пен білім жолының тоғыстырған студенттік өмір
Тарихымыз бен мәдениетімізден жан-жақты хабардар бола алу өскелең ұрпақтың ұлттық кодты өз бойына терең сіңіре отырып, ел болашағы үшін еңбек ететін елеулі азаматтарға айналуына шексіз маңызы бар факторлардың қатарына жататынын анық. Сондықтан да мектеп оқушыларын және студенттерді мәдени орталықтар мен музейлер, театрларға апарып тұру жүйеленген жолға қойыла отырып, студенттерге тек теориялық емес, өз тарихының жайынан практикалық білім беру тұрақты түрде жүзеге асуы тиіс. Бұл студенттерге сабақ ретінде ғана емес, тұрақты болып жатқан теориялық сабақтардан демалу арқылы сабақтардың келесі форматын сіңіруге себепкер бола алады. Қазақ халқының тарихын жалпы қараудан бөлек, тұлғаларды жеке-жеке алғанда, олардың өздері өз алдарына дара бір институт бола алады.
Ұлттық руханият мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, студенттердің жан-жақты білім алуына терең жағдай жасаған Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін арнаулы «Тұрақты Даму Мақсаттары» аталатын ерекше бағыты бар. Бұл бағыттың аясында студенттерге интеллектуалды, мәдени, рухани дамуға жағдай жасай алатын сан алуан шаралар жүзеге асырылады. Біз айтулы бағыттың аясында исламтану мамандығының үшінші курс студенттерімен бірге алпауыт өнер иесі, қылқаламмен әлемді сөйлете білген Әбілхан Қастеевтің атындағы музейге жол тарттық. Музей ішінде түрлі галереялар, түрлі бағыттағы суреттер өткен ғасырлардың мәселелерін, бүгінгі қоғамның түрлі проблемаларын, тарихи картиналарды, табиғат пен адамның байланысын және өзге де тақырыптарды суреттей отырып, көрерменге түрлі ойлар әкеледі.
Студенттер көрумен ғана шектелмей, суреттердің көп бөлігіне тоқталып, пікірталасқа түсіп, өздерінің өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Студенттерден көрінген бұл жайт олардың өнерге, мәдениетке қызығушылықтарын көрсетумен қатар, қылқалам шеберлерінің де суреттерінде көптеген сырларды жасыра алғанын көрсетеді.
Қазақ ұлттық университетінің тұрақты даму мақсаттары бойынша өткізген осындай шаралары қоғам өміріне жаңа серпін беріп, жастарды жан-жақты дамуға шақырып, рухани серпіндер беретіні ақиқат. Кітап адамзаттың тарихтағы ардақтыларымен сырласудың ең оңай жолы болғандықтан, көптеген ғасырлардан жалғасып келе жатқан даналыққа қол жеткізудің ең төте немесе тіпті жалғыз жолы дей аламыз.
Шараны ұйымдастыру мен өткізу барысында жан-жақты белсенділіктер көрсеткен
Ұйымдастырушылар тобының да өзіндік орны ерекше. Олар докторант Еркебуланұлы Рамазан, магистрант Пардан Нурислам және университеттегі ғылыми бағыт беруші ұстаздар Борбасова Қарлығаш, Балтымова Мира.
Бұндай шаралар барлық университеттерде және өте жиі болып, ұлттық рухты көтеруіне шын жүректен тілектеспіз!!!
Мира Балтымова ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Рамазан Еркебуланұлы докторант
Пардан Нурислам магистрант
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Философия және саясаттану факультеті
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті.


