Атырау түрмесінде төбелес шығып, сотталғандардың бірі көз жұмды

Oinet.kz 24-03-2026

Атыраудағы колонияда сотталғандар төбелесіп, оқиға орнында біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Ақ Жайыққа” сілтеме жасап.

Screenshot_4.png

22 наурыз күні түзету мекемесінде сотталғандар арасында дау шыққан. Жанжалдың соңы төбелске ұласты. Атырау облысының полиция департаменті төбелес кезінде сотталғандардың бірі көз жұмғанын растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткен күдіктілер қолға түсті
Парсы шығанағындағы екі ел Иранға қарсы соғысқа қосылуы мүмкін - БАҚ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу