Данияр Елеусіновтің әйелі төбелес шығарғаны үшін тергеліп жатыр

Oinet.kz 31-03-2026

Қарағанды қаласының Майқұдық аудандық полициясы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жары Саида Елеусіноваға қатысты Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.png

Оқиға бұған дейін, наурыз айының басында, Қарағандыда болған тұрмыстық жанжалдан кейін көпшілікке белгілі болған еді. Айтылғандай, дау көршілер арасындағы келіспеушіліктен туындаған.

Жәбірленуші тарап Саида Елеусінова өздеріне күш қолданды деп мәлімдесе, ол өз кезегінде бұл жағдайды қарапайым тұрмыстық түсініспеушілік ретінде бағалап, көршілері мәселені күйеуінің есімін алға тартып ушықтырды деп санайды. Қазіргі таңда екі жақ та бір-біріне қарсы арыз түсірген.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, Майқұдық полиция бөлімінде аталған бап бойынша екі бірдей іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Ресми мәліметте, іс аясында бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалғаны айтылған. Сараптама нәтижелері шыққан соң тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Ал өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Қазіргі таңда Саида Елеусінова екі әйелге қол көтерді деген күдікке ілінген. Егер кінәсі дәлелденсе, ол денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі, дәл сондай көлемде түзеу жұмыстарына тартылуы, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс істеуі немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Композитор Баянсұлудан 150 мың доллар сұраған ба?
Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы із-түзсіз жоғалып кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу