ҰҚК 114 адамды ұстады

Oinet.kz 04-08-2026

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс істеп жатыр.

Screenshot_1.jpg

Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасы жойылған, 3 жасырын зертхана әшкере болған.

"3,2 келі героин, 8 келі метамфетамин, 70,6 келі апиын, 129,7 келі гашиш, 16 келі гашиш майы, 282 келі марихуана, 156,5 келі қарасора, 56,4 келі психотроп заттар, сондай-ақ, 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан аса прекурсор тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау нәтижесінде 21 халықаралық операция жүргізілген.

"Осы құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 114 азаматы және 7 шетелдік ұсталды. Шекаралас мемлекеттердің аумағында халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысының әрекетінің жолы кесілді", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі 

ВЫСОКИЙ ИНТЕРЕС К ВЫБОРАМ В КУРУЛТАЙ ПРОЯВЛЯЮТ МЕЖДУНАРОДНЫЕ НАБЛЮДАТЕЛИ
Шымкентте мефедронның ірі партиясы тәркіленді: ерлі-зайыпты ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу