Колледж студентіне шабуыл жасаған 42 жасар еркек ұсталды

Oinet.kz 05-09-2019 971

Картинки по запросу девушка 17 лет педофил

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласында Колледж оқушысы маскүнем еркектің шабуылына тап болды.

Оқиға қаладағы Ахмет Байтұрсынова көшесінде орналасқан №83 мектебі маңайында орын алды. Мектептен інісін алып қайтпақ болып келген жасөспірім қызға маскүнем еркек тап береді. 

Куәгерлердің бірі:

Мен саған он жарымдар шамасында мектепке келген болатынмын. Мектеп жанында бір топ полиция қызметкерлері 15-16 жасар қызды тергеп тұр екен. Қыздың бетінде қан болды. Жанымдағы ата-аналардан мән жайды сұрағанымда полицейлер педофилді ұстағанын айтты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері педофилді бөлімшеге алып кеткен.

Полиция бөлімшесінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жедел басқару орталығына белгісіз ер адам колледждің 17 жасар оқушысын зорламақ болғандығы жөнінде ақпарат келіп түскен.

Тергеу барысында қыздың сағат 9:45-те мектептен інісін алып кетуге келгеніне, оған бейтаныс мас күйдегі еркек қол көтерген. Маскүнем жасөспірім қыздың бетінен ұрып, көзден таса жерге сүйрелеген. Еркектің іс-әрекетіне тойтарыс бермек болып, қыз көмекке шақырған. Соңында қашып құтылған.

Оқиға орнынан ұзай қоймаған 42 жастағы Астана тұрғынын полиция қызметкерлері қолға түсірді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі және 120-бабы 3-1-тармағы (көрінеу кәмелетке толмағандарды зорлауға оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сот сараптамасы тағайындалды.

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді
«Жеті жердегі жетім қырық бір»: Отандық әншілердің математикасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу