«Жеті жердегі жетім қырық бір»: Отандық әншілердің математикасы

Oinet.kz 05-09-2019 1509

image.png

Еліміздегі танымал әншілерге мектеп бағдарламасынан бірнеше сұрақ қойылды. Алайда, жұлдыздар қарапайым сұраққа жауап бере алмай ұятқа қалды деп жазады oinet.kz тілшісі «Таңғы хабар» бағдарламасына сілтеме жасап.

Сауалнамаға Индира Расылхан, Дана Кентай, Ақбота Керімбекова мен Меруерт Түсіпбаева қатысқан. Шетел астанасына байланысты сұраққа дұрыс жауап бергенмен, көбейту кестесіне келгенде тығырыққа тірелген. Бірі математиканы ұнатпайтынын айтып, екіншісі ұзақ ойланды

"Жеті жердегі жеті. Осы мүлде қызық болды. 41 ғой деймін, менің ойымша", - деп күлді Индира Расылхан.

Көбейту кестесіне дұрыс жауап беген Ақбота Керімбекова мен Меруерт Түсіпбаева ғана. Сондай-ақ, еліміздегі облыстар мен сенат депутаттардың санына келгенде, құр күлгеннен басқа тұшымды жауап айта алмады.

Колледж студентіне шабуыл жасаған 42 жасар еркек ұсталды
Енді студенттер жолақыға 20 тг төлейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу