Қазақстандық балуан Токио олимпиадасына жолдама алды

Oinet.kz 16-09-2019 832

image.png

Қазақстандық балуан Асхат Ділмұхамедов Токио Олимпиадасына жолдама алды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сербиялық Виктор Немешті 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

77 келімен Грек-рим күресінен бақ сынаған Асхат Ділмұхамедов енді Токио олимпиадасында белдеседі. Асхат Ділмұхамедов 1986 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионы және Азия чемпионаттарының қола жүлдегері. Бүгін іріктеу айналымында Асхат Ділмұхамедов екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы Роман Власовты жеңген еді.

Ақтөбеде орын алған жол апатынан 6 адам қаза болды
Алматы облысында пойыз автобусты соғып өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу