Ақтөбеде орын алған жол апатынан 6 адам қаза болды

Oinet.kz 16-09-2019 972

Screenshot_10.jpg

Көрнекі сурет

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 16 қыркүйек күні адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты болды. Салдарынан алты адам мерт болған деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Oinet.kz.

Жол көлік оқиғасы таңертең Шымкент-Самара тас жолында орын алған.

"Мазда Кронос" көлігі қарсы бетке шығып кетіп, "Опель Вектраға" соқтығысқан. Салдарынан "Маздадағы" газ баллон агрегаты жарылып, көлік өртенген.

Полицияның хабарлауынша, "Опелдің" жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның әйелі мен баласы оқиға орнында қайтыс болған.

"Мазда" жүргізушісі мен ішіндегі барлық жолаушысы жеңіл көліктің ішінде отқа оранып. көз жұмған.

Сондай-ақ, көлікте төрт адамнан тұратын бір отбасының мүшелері болғаны хабарланды.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол апатының мән-жайы мен кінәлілерді полиция анықтайтын болады.

Нұр-Сұлтанда үкіметтен үй сұраған жігіт, өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Қазақстандық балуан Токио олимпиадасына жолдама алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу