Прокурорды пәрелеймін деп 22,5 миллион теңгеден қағылды

Oinet.kz 26-09-2019 812

Картинки по запросу пара алған

Ақтөбеде жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін интернат үйінің директоры Клава Пан прокурор тексерісінің еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етпек болып, пара берген, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша із қозғалып, жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін интернат үйінің директоры Клава Пан сот алдында жауап берді. Ол прокурор тексерісінің еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етпек болған. Іс келісім бойынша қысқартылған тәртіпте өтті.

«Клава Пан Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 1,5 миллион теңгені 15 еселенген түрінде, яғни, 22,5 миллион теңге етіп қайтару жазасы тағайындалсын», - деді судья Айнұр Бекмұхамбетова.

«Әр адамнан шайтанды көремін» деп пост жазған қыз көп ұзамай сәбиді өлтірген
Сенатор: «Қазақстанда сөз бостандығы жоқ деп кім айта алады?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу