Қызыл және өңделген етті көп жеген адам рак ауруына шалдығуы мүмкін

Oinet.kz 02-10-2019 1422

Картинки по запросу қызыл ет

Ғалымдардың бір тобы қызыл етті көп жеген адам рак ауруына шалдығуы мүмкін, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар қызыл ет пен өңделген еттің адам денсаулығына қаупі туралы бір тұжырымға келе алмай отыр.

Халықаралық зерттеушілер тобы қызыл және өңделген ет рак ауруын тудырады деген қорытынды шығаруға дәлелдер жеткіліксіз деп санайды.

Зерттеуші ғалымдар 54 мыңға жуық адам қатысқан 12 сынақтың нәтижелеріне талдау жасаған. Олар ет пен жүрек-қан тамырлары аурулары, диабет, қатерлі ісік арасындағы алаңдаушылық тудыратын байланысты анықтамаған. Дегенмен, зерттеу нәтижесі еттің зиянын дәлелдеген бұған дейінгі жұмыстарды жоққа шығармайды. Сонда да мамандар еттің адам денсаулығына қаупі болмашы ғана деп отыр.

Бірақ басқа ғалымдар бұндай қорытындымен келіспейді. Бүкіләлемдік ракты зерттеу қорының (WCRF) сарапшысы Джиота Митроу жаңа зерттеу адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді деп есептейді. WCRF және тағы басқа бірқатар халықаралық ұйым аптасына үш рет қана қызыл ет жеуге және өңделген еттен мүлдем бас тартуға шақырады.

WCRF/AICR сарапшыларының мәлімдеуінше, қызыл ет пен өңделген етті көп жеген адамның ішек қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғарылайды.

Археология әлемінде тарихи жаңалық
Қазақстанда 5G мен қатар eSIM енгізілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу