Қазақстанда 5G мен қатар eSIM енгізілмек

Oinet.kz 02-10-2019 1517

Screenshot_25.jpg

Қазақстанда 5G енгізілгеннен кейін ұялы телефондарға eSIM енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Oinet.kz

«ЕSIM бойынша жаңа тұжырымдама бар. Ол чип түріндегі классикалық сим-картаның бағдарламалық деңгейде жасалатындығын білдіреді. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары eSIM тұжырымдамасын әзірлеп жатыр», - деді ол. 

Осы ретте Қазақтелеком басшысы таяу аралықта бұл бағыттағы алғашқы шешімдердің жария етілетіндігін айтты. «Сол кезде ұялы телефонға сим-картаны чип салмастан бағдарлама түрінде жасауға болады. Бұл нұсқа қазір талқыланып жатыр. Меніңше, 5G қосылғаннан кейін технологиялардың басым бөлігі eSIM негізінде енгізіледі», –деді Қ.Есекеев.

Қызыл және өңделген етті көп жеген адам рак ауруына шалдығуы мүмкін
Қазақстандық әйел 30 рет тұрмысқа шыққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу