Қазақстандық әйел 30 рет тұрмысқа шыққан

Картинки по запросу хиджап киген әйел

БҰҮ дерегіне бойынша Шам елінде 30 рет тұрмысқа шыққан әйелдер бар екен.Тіпті тоғыз жасында лаңкестердің күңіне айналған жасөспірімдер кездеседі. Бұл туралы теолог Дәулет Қазыкенов айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желі... Радикалды топ өкілдері адамды баурап алуды психологтардан кем білмейді. Әсіресе, әйелдерді алдау оларға оңай. Нәзік жандыларға керегі тек жылулық. Алдымен танысады. Сөйлеседі, іш бауырына кіреді. Біраз уақыттан соң әлемдегі сұлуым сенсің. Ғашық болдым, отбасын құрайық, деген секілді жылы сөздерін айтып, уәдені үйіп-төгеді. Мұндайды көп естімеген жабырқау жандар оларға сеніп, ойланбастан шетел асып, кете барады», - дейді Дәулет Қазыкенов.

Түрлі ағымдар мен миссионерлік топтар өздерінің құйтырқы іс-әрекетіне көбіне нәзік жандылар алданады екен.

«Өкінішке орай, Сирияға кеткен қаракөз қыздарымыз содырлардың оңай олжасына айналды. Бұл дәстүрлі дінге қайшы нәрсе. Дінде олай емес. Ол жақта балалардың ортасында, жасөспірімдердің ортасында гомосексуализмді нассихаттайды. Бұл сол елдің қоғамында орын алған дүние. Бұның барлығы дәстүрлі дінге үш қайнаса да сорпасы қосылмайды. Елге қайтарылған азаматтардың арасында кәмелетке толмаған қыздардың ішінде бір емес бірнеше азаматқа күйеуге тигені кездеседі», - дейді теолог маман.

Сондай-ақ, теолог маман Дәулет Қазыкенов Сирияда қол жаулыққа айналған қаракөздер кейде апта сайын некелесіп, бір еркектен екінші еркекке өтіп отырады екен. 

«Әрине көрінгеннің ойыншығына айналғанша бір еркектің жетегінде жүргенді жөн көреді олар. Бірақ сол тұрмыс құрған азаматымен де ұзақ тұра алмайды. Әйелдер кейде апта сайын некелесіп қолдан қолға өтеді. Өйткені еркектер соғыста қырылды. БҰҮ дерегіне сенсек, Шам елінде 30 рет тұрмысқа шыққан әйелдер бар.Тіпті тоғыз жасында лаңкестердің күңіне айналған жасөспірімдер кездеседі», - дейді 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Мемлекеттік мекемелерде адалдық құндылығы насихатталды
  • Елжан Біртанов екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды
  • Ресейде іздеу жариялаған қылмыскер Ақмола облысынан ұсталды
  • Конор келесі жекпе-жекті кіммен өткізетінін айтты
  • Жетімдерге жеңілдік қарастырылуда
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика