Елордада көпқабатты үйдің қабырғасы құлауға шақ тұр

Oinet.kz 08-10-2019 920

image.png

Нұр-Сұлтанда 108 отбасы тұратын тұрғын үйдің қабырғасы опырылып, құлауға шақ тұр. Тұрғындар тиісті мекемелерге шағымданғанымен нәтиженің жоқтығын айтып отыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

 Тұрғын үйге бірнеше жыл бұрын тіреуіштер орнатып кеткен. Тиісінше көліктердің айналмалы жолын жауып тастаған. Бұл баспана 2005-ші жылы берілген. Тұрғындар 10 жылдан кейін қабырғасы сыр бере бастағанын айтты. Әуелде кішкентай ғана болған жарық, күн өткен сайын үлкейген. Қазір үйдің 5-нші қабатына қарай жылжып келеді. Пәтер иелері  сырттағы суықты сезе бастадық деп отыр.

«Тіреуіштерді орнатты, екі жыл бұрын. Мердігерлер өздеріне кінә артпау үшін. Жіңішке үш темір мына қабырғаны ұстап тұруға шамасы жетпейді. Олар бар болғаны құлағының тынышын көздеді», - тұрғын Гүлмира Мұратбаева.

Ал «Алматы» ауданы инспекциясы бөлімінің бас маманы, бұл үйді қалпына келтіруге мемлекет тарапынан ешқандай көмек болмайтынын жеткізді.

«Жалпы, басқармамен сол үйдің фасады бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тұрғын үй заңнамасы сақталғаны туралы. «Астана жилой сервис» компаниясына ұйғарым берілді. Меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізіп, сол мәселе бойынша ақша жинау бойынша тапсырма орындалды. Тұрғын үйлердің жиналысы өткізілді. Алайда, тұрғындар келіспеді», - дейді «Алматы» ауданы инспекциясы бөлімінің бас маманы Роллан  Өскенбаев.

Мемлекет тарапынан көмек болмаса, тұрғындар өз қалтасынан қаражат шығарып, үйді күрделі жөндеу жұмысынан өткізу керек. Ал заң жүзінде қалай әрекет жасауға болатынын Жандос Тұяқов айтып берді.

«Әкімдік яғни мемлекет тарапынан ол үйді қалай жаңағы орысша айтқанда «эксплоцияға» қабылдады? Осы мәселені көтеру керек. Ал, бүгінгі таңда халыққа экспертиза жасау үшін сіздердің қаражаттарыңызды беріңіздер, сосын барып қорытынды жасаймыз және кімнің кінәлі екенін анықтаймыз деген «заңсыз» мәселе деп санаймын», - заңгер Жандос Тұяқов.

Тұрғын үйге қатысты қандай шаралар қабылданатын әзір белгісіз. Ол техникалық байқаудың жүргізілеуіне байланысты болмақ. Бірақ, оған пәтер иелері қаражат жинап беруі қажет.

Атыраулық перзентхана дәрігерлері: «Жұмыс істеуге мұрша беріңіздерші»
Медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу