Қазақ киносының көшбасы - Қыз Жібек

Oinet.kz 31-10-2019 1370

73148073_123284085754207_2802671142249168896_n.jpg

Қызылды-жасылды мынау, жиырма бірінші ғасырда "Қазақтығың қандай болған" деп біреу сұраса, "міне, мына киноны қарасаң кім екенін танисың Қазақтың" деп, мақтанып көрсететін тарихи кино "Қыз Жібек". Бұл фильмнің сценарийі 1944 ші жылы жазылып, алғашқы атауы "Аққу" деп аталған. 1968-70 ші жылдары сценарийі жаңарып, "Қыз Жібек" фильмі түсіріледі.Басты рольге кастинг жарияланған да Қазақстанның əр аймағынан 400 ге жуық қыз өтініш беріп, соның 15-20 сы таңдалып, Қыз Жібектің нөкері ретінде қабылданады.Меруерт Өтекешова рольге шақырылған да 10 шы сыныпта оқитын.Фильмді түсіру кезін де 8-10 қанатты қазақы үйлер, 40 тан астам сəйгүлік жылқылар, қазақы оюлармен өрнектелген тұрмыстық бұйымдар дайындалып, Қырғыз елінен аққулар əкелінді. Аққудың биін түсіру үшін, режиссерлар екі тəулік бойы тапжылмай күтіп отырды дейді,фильмнің басы-қасында жүргендер. Фильмнің соңына дейін Жібектің киімі 10 рет ауыстырылуы керек болғандықтан, костюмер Гүлфайруз Исмайлова əрбір бешпент, комзолдарды маржан тас, моншақтармен безендірген.Сырлыбай ауылының көшін көрсету үшін 50-60 түйеге жүк артылып, батырлар киімі үшін жүздеген сауыт-дулығалар тігілген.Табиғаттың ғажап көріністері Іле өзенінің бойында түсірілді.Кадр сыртында, фильм группасын да екі жылға жуық уақытта жүзге тарта адам жұмыс жасады.

74667893_123284055754210_7729870612201472000_n.jpg

16 жасар оқушы, Қыз Жібекті қалай сомдайды деген қарсылықтар болғанымен С.Қожықов, Меруертке үлкен сенім артады.Көзі қарақты режиссер жаңылыспапты.Фильм əлі күнге өз құндылығын жоғалтпаған қалпын да осы күнге жетті.1970 жылы көрерменге жол тартқан махаббат пен батырлық, салт пен дəстүрді айнытпай берген көркем туындыға, қазіргі таңда елдің құрметтісіне айналған марқұм Ғ.Мүсірепов, Н.Тілендиев,Қ.Мырзалиев,А.Тоқмағанбетов сынды ұлы тұлғалар тер төкті.

73524557_123284129087536_921210282435411968_n.jpg

Қыз Жібек пен Төлегеннің, Бекежан мен Шегенің, əрбір актëрдың образы нанымды шыққаны соншалық, жəне кино көрсетілімге шыққаннан кейін, Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбековтың (Жібек пен Төлеген) отау құруы, əлі күнге үлкен құбылыстай елдің жадында сақталып қалды.

Нурила Қоңыраттың фейуктағы парақшасынан

Дүние-кезек
Ажырасар алдындағы жігіттің келіншегіне жазған хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу