Тапқырлық

аңыз.jpg

Хафиз бен Ақсақ Темірдің аңыз болған кездесуі. Ақсақ Темір Шыңғысханнан кейінгі қатыгездікпен аты шаққа билеуші еді. Қырық жылдың ішінде ұлы империя құрды. Талғампаз Ақсақ Темірдің тұсында Самарқан мен Бұқара қалаларына жаңа леп келіп, түрлене түседі. Дүние жүзі әлі күнге дейін сол сұлулыққа тамсанып жүр. Самарқаннан елдің астанасын жасап, Ақсақ Темір қаланы жаңаша көркемдеп шығуға әмір береді. Ол Самарқаннан бүкіл әлемнің орталығын жасамақ ниетте еді. Жан-жақтан неше түрлі шеберлерді алдыртады. Шайырлар Самарқанның сұлулығына таңданып, жарысып жыр жазады. «Самарқан – Әлемдегі ең көркем қала, Бұқара – ислам дініндегі ең рухани қала» дегендей...

Бір күні Ақсақ Темірге Хафиз деген бір ақынның:

«Мен Шираздың пәк сұлуын тәңіріме теңер ем,

Бір меңіне Самарқан мен Бұхараны берер ем», - деген өлеңін естіртеді.

«Бір қыздың меңіне бола Ақсақ Темірдің көз қуанышына айналған Самарқан мен Бұқараны қосып беретін бұл кім соншама», деп әмірші ашуға булығады. Хафизды тауып келіңдер деп пәрмен етеді. Нөкерлері Хафизды қала сыртындағы лашығынан табады. Дереу Ақсақ Темірдің алдына жеткізеді. Әмірші ащы дауысымен: «Ей, алба-жұлба болған қайыршы, бір мең үшін менің Самарқанымды кімге бермекші болдың?» - дейді. Не боп жатқанын енді ғана түсінген Хафиз Ақсақ Темірдің алдында басын иіп, мүсәпір күйге түсіп, үстіндегі жыртық киіміне қарап, «О, әміршім, қолда дым жоқ болған соң мәрттігім ұстап бере салғанмын ғой..." - деген екен.

Ақынның үсті-басына зер салып қараған қатыгез Темір мырс етіп күліп жіберіпті. Қазынашыны шақырып, Хафизға жалақы тағайындатады. Сөз тапқанға қолқа жоқ деген осы екен.

Шынар Әбілданың әлеуметтік парақшасынан алынды

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тартылыс күші: арманыңызды орындауға көметесетін 12 қағида
  • Үш күн ережесі
  • Бос қыңқыл
  • Үнсіздік ерік-жігеріңді жаниды
  • Жаныңды қымтап ұста
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика