Бала тәрбиесіндегі басты мақсат

Oinet.kz 08-11-2019 882

бала тәрбиесі.jpg

Көпшілік ата-ана баласын өзіне тең көретін болған. Меніңше, бұл идея жалпы баланың өмірі мен психикасы үшін аса қауіпті. Себебі, шынайы тепе-теңдік бала өз маңдай терімен мүмкіндіктерді теңестіргенде қалыптасады. Бала мұны сезінбесе, ол үнемі сәтсіздікке ұрынып отырады.

Бала тәрбиесіне көзқарасың қандай деген сұрақты жиі естимін. Тәрбиенің мақсаты мен одан шығатын әдіс-тәсілдерге ден қоямын.

Тәрбие мақсаты – балаға өмірлік үш қиындықты шешуді үйрету:

1. Өз көңіл күйіңді басқару. Оны өзгелерге тәуелді етпеу.

2. Қалауың мен сұранысыңды өз бетіңмен қамтамасыз ету. Басқа адамдарға жалтақтамау.

3. Қоғамдағы орныңды табу. Өз күшіңмен. Ешкімге арқа сүйемей өмір сүру.

Осы ғана. Қалғаны лирика. Аталған мақсаттардың орнын басып кете алмайды. Егер балалы болсаңыз, осы үш мақсатты орындай алатындай етіп тәрбиелеңіз. Сіз соған жауаптысыз.

Әке-шешеге бала тең келмейді. Осы теңсіздік баланы дамуға жетелейді. Құлшындырады. Егер бала өзін сізбен теңмін деп есептесе, ол даму жолына түспейді. Қажеті не? Ештеңе үйренбей-ақ бірдей боп тұрса, үйренудің маңызы қанша?

Осы үш мақсатты бала өз бетімен шешіп үйренбейінше, ата-анасы әрдайым одан бір саты жоғары. Тіпті шешіп үйренгеннің өзінде ата-ананың даму жолы, көргені, түйгені баласынікінен артық. Себебі, парасаттың артқа жүрер жолы жоқ. Ол тек алға жетелейді. Өсуге бейім ата-ананың сөзі кез келген ақылды баладан әрқашан салмақты болмақ.

Сізден гөрі тәжірибесі мен парасаты зор, біліктілігі мен мүмкіндігі бар адамға деген құрметтің болмауы – әдепсіздік, осы әдепсіздік баланың жолына көп кедергі келтіреді. Өзіне тең емес адамдарға өзін теңестіріп үлгертеді.

Өзін ересектермен тең көру баланың санасын азғындатады, әке-шешесінің қолында бар билік менде де бар дегізеді. Алайда ондай жауапкершілік балада жоқ.

21 жасқа келгенше бала бірқатар қағиданы сіңіріп өсуі тиіс:

1. Оған ешкім ештеңе берешек емес.

2. Кім төлесе, қағиданы сол орнатады.

3. Ерекшелік пен өзгешелік – ЖБМ (жеке бастың маңыздылығы, тәкәппарлық) үшін қажет, жалпы өмірде оның түк пайдасы жоқ.

4. Адамды қоғамға қажетті ететін басты қабілеті – әлеуметпен араласа білуі және өз өнімін сата білуі. Бұл қабілет қаржылық және психологиялық тұрғыда нақты нәтижеге жеткізеді. Өзгелерден азат етеді.

5. Сен үшін ақыңды төлеген, сенің түйткілдеріңді шешетін адаммен өзіңді тең көру – көргенсіздік. Өз ережеңді орнатқың келсе – ақысын төле.

6. Басқа адамдар оның шекарасын, талғамын, қалауын сыйлау үшін ортақ іске үлес қосу керек. Абырой аспаннан түспейді.

7. Қазіргі қолда бар жағдайда даму оңай. Тамаша жағдай адамды деградацияға жетелейді, дамытпайды. Егер адам өз өміріне өзі қожа болғысы келсе – қазіргі шарттылықтарға, шектеулерге көніп, қазіргі түйткілдерді шешіп, сол шамада өзін дамытуы тиіс.

Бұл квест – жетістікке жетелейтін, дамытатын, толық еркіндікке жеткізетін ең қысқа жол.

Нина Рубштейн

Аударған Шынар Әбілдә

Егер сені сатып кетсе
Тапқырлық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу