Қырықтан асқандардың отыздағыларға кеңестері

Oinet.kz 13-11-2019 1496

Отызға толған соң жазушы, кәсіпкер Марк Мэнсон өзінен жасы үлкен оқырмандарынан өмірлік тәжірибелерімен бөлісуді сұрайды. 30 бен 40 жас арасындағы өкініштерін ортаға салуын өтінеді. Алынған жауаптарды салыстыра отырып Марк ұжымдық даналықтың жаршысын құрастырып шыққан.


кеңес.jpgОның өтінішіне 600-ден астам адам жауап қатқан. Көбісі бірнеше беттік болатындай кеңестерін жазған. Соның бәрін жинап, елеп-екшеген Марк әр түрлі адамдардың бір кеңесті қайталағанына таң қалады. Қырықтан асқан соң өмірге деген көзқарас қалай өзгеретінін сол пікірлер нақты айқындаса керек.

Төменде Маркқа келген хаттардың ішінен сарапталып алынған он хаттың мәтіні беріледі. Кей адам құпиялығын сақтағысы келген. Кейбірі аты-жөнін ашық жариялаған. Сонымен...

1. Қарттық өмірге әлден дайындал. Қор жина. Мен отызға дейін ештеңені ойламай өмір сүрдім. Бірақ отыздан соң әр адам қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуі керек. Зейнеткерлік жинақты уақтылы өткізіп отырыңыз. Кепілдендіру, зейнетақы жүйесі, ипотека сияқты дүниелердің қалай жұмыс істейтінін дұрыс зерделеп алу керек. Өйткені, жауапкершіліктен қашып құтыла алмайсың.

Кэш, 41 жаста

Әр хаттағы басты кеңес – қарттыққа дұрыстап дайындал, зейнетақы қорына салымыңды уақытылы салып отыр дегенге саяды. Қаржылық жағдайыңды дұрыста деген лебіз жиі айтылып отырған.

Ол үшін оқырмандар мынадай кеңестерді орындаған абзалдығын ескерткен:

1. Қарыз бен несие дегендерден тез арада құтылу керек.

2. Жеке бастың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – көп адамдар ауырған кезде, соттасқанда, ажырасқанда, кәсібі тоқырағанда бір тиынсыз қалған.

3. Жалақының бір бөлігін несиені жабуға, болмаса қор етіп жинауға дағдыланыңыз.

4. Жеңілтек ойлардан бас тартыңыз. Өзіңіздің өміріңізді қиындататын ипотека мен несиеге жоламаңыз.

5. Өзіңіз түсінбейтін нәрсеге ақша салмаңыз. Ешқашан биржа брокерлеріне сенбеңіз.

Тағы бір оқырман былай деп қосыпты: «Егер қарызыңыз жылдық табысыңыздың 10%-нан асып кетсе, сақтаныңыз. Артық ақша шашқанды доғарыңыз. Қор жинауды ойлаңыз».

Келесісі: «Қаралы күнге деп ақшаны көбірек жинағым келеді. Өйткені, аяқ-астынан болатын жағдайлар тұралатып кетеді. Барлық қаражатың соған шашылады. Өзімнің зейнетақыма салатын салымымды еселесем деймін. Өйткені, қазір салатын ақшам аз ғана».

Отыздан кейін қор жинай алмағандықтан көптеген қиындықтар туып отырған. Джоди есімді оқыман отыздан бастап қор жинау керектігін айтады. Солай жинасам, 57 жасқа келгенше жалақыдан жалақыға дейін өмір сүрмес едім деп өкінеді.

62-жасар бір оқырман ешбір қор жинамапты. Ол күйеуіне сенген. Ақырында олар ажырасып кетеді. Ажырасқаннан кейін қолына тиген ақшаның бәрін сыр бере бастаған денсаулығын сауықтыруға жұмсаған. Ол да әлі күнге дейін жұмыс істеп, мардымсыз ғана жалақымен күн көріп, қарттар үйіне орналасуды армандайтынымен бөліскен.

Бұл пікірлердің барлығы адамға бір ғана ойды көрсетіп отыр. Зейнеткерлікті бүгіннен бастап ойлау керек. Отыз жастағы жас келіншектің екі баламен үйде отырып, соған қарамастан жұмысын тастамай, аз ғана жалақысының бір бөлігін зейнетақы қорына салып отырғанын дұрыс мысал деп көрсетсе болады. Үздіксіз қор жинаған ол әйел елуге келгенде қаржылық еркіндікке қол жеткізген. Оның сөздері: «Алдыңа қойған мақсаттың бәріне қол жеткізуге болады. Тек істей білсең болғаны».

2. Денсаулығыңа бүгін мән бер. Ертеңге қалдырма. Адамның санасы бүгінгі жасынан 10-15 жылға кейін есеп жүргізеді. Адам өзін жас санағысы келіп тұрады. Ал, денсаулық уыста ұстап тұра алмайтын бақыт. Оны жоғалту жылдам. Денсаулықтан айырылғаныңызды байқама қаласыз.

Том, 55 жас

Денсаулықты қалай күту керектігін әр адам біледі. Дұрыс тамақтану, дұрыс ұйықтау, жаттығу жасау, осылай кете береді. Бірақ зейнетақы жинау туралы ересектердің ойы қалай бір жерден шықса, денсаулыққа қатыстыда бір арнада тоғысқан. Саулығыңды сақта, кәрі болсаң да денсаулық маңызды. Бұл туралы әрбір жауап берген оқырман жазған. Адамның тәні аяқ астынан бір күні ауырып қалмайды. Ол күн өткен сайын тозады. Тоздырмай ұстаңыз. Бәрі өз қолыңызда. Келесі он жыл сол тозуды тежеуге бағытталсын.

Обырға шалдыққандар, инфаркт пен инсультті бастан кешкендер, сусамырға ұрынғандар, гипертониямен ауыратындар «егер уақытта артқа айналдырса, ең алдымен спортпен шұғылданар едім. Ол кезде себеп іздейтінмін, ал енді салдарымен күресуге міндеттімін» дейді.

3. Сізге ниеті түзі емес жандармен араласпаңыз.

Сізді сыйламайтын адамдарға «жоқ» деп айтып үйреніңіз. Сізге керексіз жағдайларға да. Сіздің өміріңізге құндылық бере алмайтын артықшылықтардан арылыңыз.

Хэйли, 37 лет

Денсаулық пен қаржылай жағдайдан соң үшінші орныға рухани тыныштық туралы сөз қозғалады. Жеке өмірге кім көрінгенді кіргізбеу керек. Тек жақсы деп санаған адамдармен араласыңыз.

Ақша үшін де, басқа үшін де сізге ниеті түзу емес жандарға есігіңізді жабыңыз.

Джейн, 52 жас

Достықта, жұмыста, махаббатта, өмірде қуаныш сыйлай алмайтын адамдарды жүрегіңізге жолатпаңыз.

Шон, 43 жас

4. Сізге қымбат жандарға бейтарап болмаңыз.

Әр адамның басынан өтетін қиындық болады. Қиын сәтте еске түсетіндей адам болыңыз. Отыз бен қырықтың арасында сіз бен жақындарыңыздың өмірінде сан алуан қитұрқылық өтетін кезең секілді. Әке-шешесі, немесе жолдасы қайтыс болып,не көзіне шөп салады, балалары көбейіп, достары ажырасып жатады... Бұл өмір... Осындай кезде адамға көмектесу аса маңызды екенін түсінуіңіз керек. Жәй жанында отырып, бірге шәй ішіп, зарын тыңдап, еш сөкпеу керектігін ұғынасыз.

Ребекка, 40 жас

Яғни, өзіңізге шын жақын, жаныңыз іздеп тұратын адамдарға ашық-жарқын болыңыз, қасынан табылыңыз.

5. Барлық мақсатқа жету мүмкін емес. Қолыңыздан келіп жатқандарын баянды етуге тырысыңыз. Өмірде бәрі өзара келісіммен ғана мүмкін болады. Бір нәрсеге қол жеткізу үшін екіншісін құрбандыққа шаласыз. Осының қайсысы маңызды екенін ажырата біліңіз.

Элдри, 60 жас

Кей адам үшін отыз жаста да бұл зор тәуекел. Он жыл бойы бару ақытын арнаған қызметтің күл-талқаны шығуы мүмкін. Ал, сол жетістікке бауыр басып қалған адам үшін бұны бастан өткеру азапты. Сондықтан рухани құндылықтан алыстамаңыз.

6. Тәуекелден қорықпаңыз. Бәрін өзгерте аласыз. Отызға дейін өмір жолы таңдалады деп есептелсе де, кейде отыздан кейін өмірді реттеуді бастайтындар болады. Отыз бен қырықтың арасы зымырап өтетін уақыт. Бұл кезде жылдар күнге теңеледі. Қырыққа келіп күйзеледі. Түк бітірмедім дейді.

Ричард, 41 жас

Істей алмаған істерім үшін қатты өкінемін.

Сэм, 47 жас

7. Даму мен жетілуден бас тартпаңыз.

Адамда орны толмайтын екі құндылық бар: ол тәні мен жаны. Көпшілік 20 жастан соң оқуды, ізденуді тоқтатады. Өзін жетілдіруді ойлауға отыз жастағылардың уақыты бола бермейді. Ойын өсіріп, рухани дамуға бет алғандардың бірі болсаңыз, 40 жаста сіз тән мен жанның пайдасын көретін боласыз.

Стэн, 48 жас

8. Ешкімде не істеп жатқанын түсінбейді. Соған бой үйретіңіз.

Егер сіз әлі тірі болсаңыз – рухани, әлеуметтік, әрі көңіл ырғағы күйінде – сіз келешектегі бес жылыңызда не болатынын болжай алмайсыз ғой. Сіз ойлағандай бола бермейді. Алдағының бәрін жоспарлай аламын деген ойдан құтылыңыз. Ештеңе жоғалтып алмайтындай қолда барға иелік ете аласыз. Сіз жоғалттым дегеннің бәрі – сіздің қиялыңыздағы дүниелер. Уақыт өте келе оның ауыртпалығы басылады.

Томас, 56 жас

9. Отбасыңызға салым салыңыз.

Уақытыңыздың көп бөлігін ет жақындарыңызға арнаңыз. Есейген сайын отбасыға деген көзқарасыңыз өзгере береді. Қалай өзгеретіні сіздің танымыңызға байланысты. Ата-анаңыз әрдайым сізге жас бала көреді. Өзіңізді ересек етіп көрсетпегенше. Адамның бәрі қартаяды. Адамның бәрі бақиға аттанады. Сізге берілген аз уақытты дұрыс пайдаланыңыз. Отбасыңызбен бір болыңыз.

Кэш, 41 жас

Мен отбасы туралы хаттарға көміліп қалдым. Отбасы – барлық кезде маңызды. Келер онжылдық аралығында ол адамды екі жақтан да қысады. Ата-анасы қартайса, балалары өседі. Екі жақпен де тіл табысып, үлгі көрсетуге тура келеді. Адам міндетті түрде отбасын бақытты ете жүріп өзі де жан байлығын еселейді.

Аударған Шынар Әбілдә

Ең пайдалы жаңғақтар
Ғажайыпқа есік аш!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу