Ауру ететін және шипа болатын махаббат

Oinet.kz 13-11-2019 885

Қатты меңдеген сырқат, мәселен обыр сияқтылары, адамның отбасындағы өз рөлін сезінуінен туады. Ол отбасыдағы адамдардың араласу дағдысы, тағдыры бәрі әсер етеді. Яғни, отбасылық қарым-қатынастың шиеленісуінен бірқатар аурулар пайда болады. Егер отбасыда анасы ерте қайтыс болса, балалары соның артынан өлімге асығады. Бұл терең махаббаттан туатын сезім. Мұндай махаббат баланы анасымен мәңгілікке байланыстырып тұрады.

шипа махаббат.jpg

Анасының соңынан ілесу кейде тек сезім күйінде болады. Бірақ әрекетке ұласпайды. Бірақ бала кейін есейген соң ауырып қалуы мүмкін. Өлімге апаратын дерттің кейбірі осындай махаббаттан өрбиді. Дерт сезімінің сипатын көрсетеді. Немесе анасына деген махаббатын науқастануымен көрсетеді. Бір-біріне тәуелді жағдайлар.

Анасынан ерте айырылған бала өзі отбасы құрып, ұрпақ өсірген кезде балалары әкесінің, не шешесінің өз анасының соңынан кеткісі келетінін сезінеді. Осындай күйді сезінген бала «Мұны сіздің орныңызға мен жасайын» деп ойлайды. Бұл тағдыр шиеленісі делінеді. Бір-біріне деген терең махаббаттан туған құрбандық. Сол бейдауа дертке ұрындырады. Кездейсоқ жағдай өз-өзін өлтіруге апарады.

Бұдан басқа да динамика бар. Дертке жетектейтін көңіл күйдің бірі – өзін кінәлі сезіну. Егер баласын аборт жасаса немесе баласын басқаға тастап кетсе, анасы оның тағдырын бөліскісі келеді. Сол баланың соңынан кеткісі келетін сезімді бастан кешеді. Мұндай кезде күнәсін жуып-шаятын сауапты іс жасауы керек. Оның астарында махаббат та, сауап та бар. Мұндай кінә адамды кездейсоқ жағдайға, ауруға, жүйкесі шыдамай өз-өзін өлтіруге апарады.

Бұл нәрсенің барлығына тән бір ортақ нәрсе бар. Олар басқа адамды көрмейді. Мұндай жағдайдағы сезім көзсіз махаббатты сипаттайды. Анасын жоғалтқан бала оның көзін көрмейді. Көргісі келеді. Түйсігіне ілеседі. Егер бала анасының көзіне қарап «мен де барғым келеді» деп іштей айта алса, бұлай жасай алмасын түсінер еді. Өйткені, оның махаббаты да анасының оған деген махаббаты сияқты риясыз.

Терең сезімді түсінген адам ауырмайтын болады. Анасына деген құрметті басқаша шығарады. Бала анасына «мен сізді сағындым, сіз жетіспей тұрасыз, сізсіз өмір қиындап кетті, бірақ енді өз өміріме қарап ол үшін сіздің төлеген ақыңызды қабылдаймын, мен жақсы адам болуға тырысамын, маған қарап қуаныңыз» дейді.

Ананың бақытсыздығы баласының күш-қуат жинайтын қайнар бұлағына айналады. Бала толыққанды өмір сүруді бастайды. Анасын сыйлаудың жаңа деңгейіне шығады. Өле салғаннан осы дұрыс екенін түсінеді.

Осы тектес мысалдармен ауруға бастайтын тағдырлардың шиеленісін көрсеттік. Бұл мысалдар өз өмірін өзгертуге көп адамға септесер деген сенімдеміз. Тағдырға әр адам өздігінше әсер ете алатынын көрсеткіміз келді. Ауырып жүрген адам шипасын тезірек табуына көмектескіміз келді. Сонда жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкін болар. Бұл тәсілден артық және бірі бар. Ол отбасылық реттілік деген тәсіл бар, соны игеру.

Бірақ бұл дәрі емес. Ой өзгерту өздігінен ем болып қонбайды. Бұлай деп ойлау ақымақтық болар еді. Ауру тәнге дәрігердің қадағалауы қажет. Аурумен күресу керек дегенді түсіну қиын. Өмір мен денсаулықтан артық ештеңе жоқ деп түсінудің өзі бір түрлі түсінік.

Өмір ең құнды болып санала алмайды. Ол жоқтан бар болатын, жоққа айналатын құндылық. Өмір деген өмірден де артық жақтан беріледі.

Өмір – өте қысқа, әрі тез өтеді, жалған дүние. Өмір берілген жаққа қарағанда солай. Өмірдің мәні қимыл-қозғалыста. Осылай қозғалыстан бақиға өтеміз. Өмірден артық, маңызы зор әлеммен байланыс орнатылады.

Үндестік тапқан адам өмір мен өлім, денсаулық пен ауруды теңдей көреді. Әр жағдайдың мағынасын түсінуге дайын болады. Үндестік адамға арқалаған жүгін көтеруге күш береді. Сол арқылы өсуге жол ашады.

Денсаулықтан асқан байлық жоқ деген түсінікті жоққа шығардым.

Адам ғана бар. Сол құнды.

Берт Хеллингер

Аударған Шынар Әбілдә

Ми туралы 5 жаңалық
Батаменен көгерген Энвер Өрен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу