Жақсылық жасаудан жалықпа

Oinet.kz 29-11-2019 1611

Көп адам жақсылыққа жақсылық жасай алғанымен, жамандыққа жақсылықпен жауап бермейтіні анық. Былайша айтқанда, жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі болғанымен, жамандыққа жақсылық тек ер кісінің ісі деуге болады.Осындай уақыттарда жақсылық пен жамандық туралы қарама-қарсы ұғымдардың төңірегінде ойға шомарыңыз сөзсіз. Дегенмен менің өмірімде қаншалықты әділетсіз дүниелер болып жатса да жақсылық жасаудан шаршаған емеспін. Тіпті оның қайтарымын да күткен емеспін. Бірақ байқасам көп адамдар олай ойламайтын сияқты.Туысына немесе танысына жақсылық жасаған кейбір адамдардың аузынан кейде: «Кезінде осындай қайыр қылып едім», «осынша қаржы беріп едім», «жұмысқа тұрғызып едім» деген секілді сөздерді естіп жатамыз. Немесе, ата-енесіне деген қызметін «келінім не күйеу балам да ертең мені осылай сыйласын» деп, есепке құрып жататындар да бар. 

Screenshot_9.jpg

Шын мәнінде жақсылықты ескеруші Алланың пәрмен еткені ғана орындалады. Алланың есебі ғана болады. Егер, қай амалыңды да шын ниетіңмен, бар ықыласыңмен жасасаң. Онда  сен күткеннен әлдейқайда жақсы нәрселер өміріңде болатыны сөзсіз. Ендеше, жақсылықты дүниелік есеппен емес, ақыреттегі есебіңді ойлап жасауға ынтық болмақ керек. Жақсылықты жасаған соң, оны ұмыт. Бір істен соң тояттап, тоқтап қалма дегім келеді.Кейде жасаған болмашы бір жақсылығымыз өзімізге ірі көрініп, нәпсімізге тау қопарып тастағандай күй сыйлауы мүмкін. Жақсылығыңның шырын дәміне рахаттанып, қуанған әрине жақсы. Алайда, бұндай сезімде көп жүріп қалу келесі бір жақсылықтарды елемеуге алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, жасаған жақсылығыңды ұзақ есте ұстау ‒  адамдардан мақтау дәметуіңе, адамнан қайтарым күтуіңе немесе міндетсінуге алып келуі де мүмкін. Сол себепті де қандай үлкен қайыр қылынса да дереу оның ұмытылғаны жақсы. Адам бір жасаған жақсы амалына тояттап, тоқтап қалмауы керек. Өз басым «Жасаған жақсылығыңды және көрген жамандығыңды тез ұмыт», ‒ деген ұстанымды берік ұстанып келемін. Осы тұста мынадай бір әңгіме айтып өткім келеді. «Қарт ескі досымен шай ішіп отырып: - Бөлме ішіне мұқият зер салып, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, - дейді. Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді. Бірақ досы бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Сонда қарт оған: - Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, - дейді. Досы сасып қалып: - Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті еш нәрсе байқамадым, - дейді. Қарт: - Енді көзіңді ашып, айналаңдағы көк түсті заттарға қара. Олар сен ойлағаннан да көп», - дейді. Бұл шындық еді. Досы қатты таңырқаған сәтте қарт сөзін жалғап, бөлмеден қоңыр түсті заттарды- өмірден тек жамандықты іздей беретін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналады. Сол себепті, тек жақсылыққа сен! Расымен де, әлем біздің санамызда өмір сүреді. Мәселе қиындықта емес, сол қиындықты қалай қабылдайтынымызда...

Сондықтанда тек жақсылық жасап,  жаманның да  жақсы қасиетін көре білейік.

Оралхан Дәуіт. Қырым қанды безгегі
Арыңды сақта, бойжеткен!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу