Арыңды сақта, бойжеткен!

Oinet.kz 29-11-2017 2111

Қазіргі таңда ерте жүктілік ХХІ ғасыр індетіне айналып барады. Өрімдей жас қыздардың  басына түскен қасірет олардың өміріне сызат қалдырады. Ашығын айтар болсақ, бұл күні жеткіншек қыздардың оң жақта отырып-ақ құрсақ көтеруі¬ жиіледі. Осы орайда  ерте жүктілік сынды қоғамдағы  өзекті проблеманы алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Ерте  жүктілікті алдын алу» іс-шарасы Оңтүстік  Қазақстан Педагогикалық университетінде болып өтті.  

Screenshot_12.jpg

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас қыздарға ерте жүктілік неге алып келетінін және оның алдын алу жолдарын түсіндіру. Сонымен қатар жиында жыныстық жолмен берілетін  жұқпалы аурулар турасында сөз қозғалды. Жиналған студенттерге ең алғашқы жүктілік кезінде жасанды түсік жасату бедеулікке алып келетіні жайында бірқатар мәліметтер айтылды.

Ерте жүктілік қыздың арына түскен қара дақ іспеттес. Жас буын жыныстық тәрбиенің осалдығынан қиын жағдайларға тап болуда. Сондықтан аналар қыздарымен жи-жиі сөйлесуі тиіс. Өкінішке орай біздің қазақы минталитетке сай жыныстық тақырыпта әңгіме қозғау ұят болып саналады. Дегенмен, ананың бойжете бастаған қызымен ашық әңгімелескені абзал. Сол арқылы қызыңызды ерте жүкітіліктен сақтап қаласыз дейді гинеколог мамандар. 

– Жыл сайын   жоғарғы оқу орындарында  «Ерте жүкітіліктің алдын алу»  тақырыбында арнайы іс-шаралар  өткізіп отырамыз.  Етеккір циклының  қалай жүретінін, жыныстық қатынасқа ерте түсудің зияны туралы мол ақапарат беріледі. Өтіп жатқан іс-шара жастардың санасына әсер етіп, ерте жүкті болу дұрыс емсетігін түсіндіру арқылы біз оның алдын аламыз, – дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  гинеколог маманы Гауһар Сайрамбайқызы. 

Дана СҮЛЕЙМЕНОВА

Жақсылық жасаудан жалықпа
Неге әйелдер жылайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу