Еркекке айтуға болмайтын 4 сөз

Oinet.kz 08-06-2020 1450

1. Бопсалау деген басты қателік

Сезіммен бопсалау тығырыққа тірейтін қатынас. «Мен саған бала тудым, мені бағу міндетің», «нағыз еркек олай істемес еді», «сен қалауымды істемеген соң жағдайым нашар» деген сияқты тіркестер өмірде жиі кездесетін шығар?⠀

Олар еркекке қаншалықты әсер етеді? Сұмдық әсер етеді. Мұны айтқан әйелді еркек бір сәтте жек көріп кетеді. Бұл сөздер әрбір еркектің ашуын келтіріп, қырсықтығын қоздырады, деп жазады muslim.kz

«Мұндай еркеліктен соң қарым-қатынас мүлде үзіледі немесе өзінің деңгейін «түсіреді. Сондықтан нәзікжандылар еркектің бойынан кінәлі сезімді, ашуды тудыратын, салын суға кетіріп, үрейге орын беріп, ұялтатын манипуляцияны доғаруы тиіс

Мұндай сөздердің өмірде еш пайдасы жоқ. Олар тек арадағы нәзік сезімді жоюға жұмыс жасайды. Еріңіз өтірік айтып құтылатын болады. Мінезі ұсақтала береді

upl_1542032007_211935.jpg

2. Күйеуіңізді өзге еркекпен салыстырмаңыз

Оны ұялтам деп ашуына тиесіз. Ашуға булыққан еркек оны әйелінен алады. «Күйеуіңізді өзгемен салыстырмаңыз. Ешқашан.Салыстырғанды естіген еркек өзін жер бетіндегі жалғыз еркек деп танитын әйелді іздей бастайды

3. Ұрыс шығармаңыз

Көз жас еркекті ұстап тұратын бірден­-бір тұсау сияқты көреді кей сұлу. Бастапқыда мұндай тәсіл жемісті болғанмен, кейін ол әсер етпейтін болады. «Еркек көз жаспен өзін ноқталағысы келгенді ерте ме, кеш пе түсінеді. Содан кейін әйелдің көз жасы оған еш әсер етпейтін болады. Ол тек еріксіз еркекті сізден алшақтата түседі

4. Оның тілінде сөйлеп әуре болмаңыз

Күйеуге жанында тағы бір еркектің қажеті жоқ. Еркекше сөйлеудің жөні бөлек, әйелше сөйлеудің мәнісі бір бөлек. Нәзікжандылардың күйеуімен еркекше сөйлесуінің еш мәні жоқ. Бәрібір керек сөзді таба алатыны күмәнді. Одан да болмысыңызды сақтап, нәзік болып қала беріңіз. Табиғатқа қарсы келудің «қажеті шамалы. Тиімді болмасы анық

Бала тәрбиесі жайлы мықты 5 фильм
Еркек бақытының ережесі (Ғибратты әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу