Димаштың Кремльдегі алғашқы концерті аншлагпен өтті

Oinet.kz 23-03-2019 1323

dimash_230319.jpg

Димаш Құдайберген 22 наурыз күні Кремльдегі алғашқы жеке ән кешін өткізді. Барша қазақ елінің мақтанышына айналған өнер иесінің концертіне әлемнің түкпір-түкпірінен келген фанаттар жиналды. Кеш аншлагпен өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Жанды дауыста өткен ән кеші үзіліссіз тура 3 сағатқа жалғасты. Осы уақыт аралығында Құдайбергенов репертуарындағы қазақ, орыс, француз, ағылшын тілдеріндегі әндерді, сондай-ақ, жаңа туындыларын орындады. 

Дауыс мүмкіндігі 6 октаваға дейін баратын Димаштың өнерін 6 мың адам тамашалады. Концерт "Д-Династия" деп аталды. Оны ұйымдастыруға танымал ресейлік композитор Игорь Крутой атсалысқан. 

Залда отырған көрермендер Димаш ән салғанда денелері түршіккенін, үйлеріне қайтқан кезде де естерін жия алмағандарын айтты. 

Құдайбергенов ән кеші барысында бірнеше мәрте сахналық костюм ауыстырды. Ұлттық оюмен көмкерілген ақ түсті костюммен Димаш Бекболат Тілеуханның "Елім менің" әнін шырқады. Сондай-ақ, Мәскеу сахнасында күмбірлете күй шертті.

Димаштың Мәскеудегі концертіне ата-анасы мен бауырларынан бөлек, Ерке Есмахан, Данэлия Төлешова, Ұлықпан Жолдасов, Айнұр Тұрсынбаева сынды танымалдар қатысты. 

Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағанбетов, Qazaqstan РТРК басшысы Ерлан Қарин, белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов, Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров арнайы Димаштың өнерін тамашалауға келді.

Нұрлан : 5 әйелім бар
Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт та ма, әлде Араратта ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу